23 Ақпан 2025 2025, 18:04 Фото: ТЖМ

Алматыда қойма өртеніп жатыр

Алматы қаласының Әуезов ауданындағы Төле би көшесінде орналасқан бір қабатты ғимаратта өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы қаласының Әуезов ауданындағы Төле би көшесінде орналасқан бір қабатты ғимаратта өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт 16:47-де басталып, 280 шаршы метр аумақтағы жиһаз цехын қамтыған.

Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында жалын көрші жиһаз цехы мен шығыс жағындағы автокөлік жөндеу станциясына таралмады.

Зардап шеккендер жоқ.