Алматыда қойма өртенді
Алматы, BAQ.KZ. Алматының Жетісу ауданында өрт болды.
Куәгерлердің айтуынша, Ангарская көшесінде қойма өртеніп жатыр.
9 қазанда 17 сағат 16 минутта өрт сөндіру есептері Жетісу ауданы Ангарская көшесі 133/А мекенжайында шыққан өрт туралы хабарлама жіберілді. Өрт сөндірушілер 7 минуттың ішінде келгенде (бір қабатты) жеке тұрған қойманың ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Өрттің таралу қаупі - жоқ. Өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері мен құралдары шақыртудың жоғары деңгейімен жіберілуде. Өрттің аумағы анықталуда. Қойма толықтай металдан салынған, ғимарат электр желілерінен ажыратылды, - делінген ТЖД таратқан мәліметте.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы