Алматыда қойма өртенді

Алматыда құтқарушылар Алатау аймағындағы қойма үй-жайынан шыққан өртпен күресіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, сағат 19:43-те жоғары дәрежедегі күштер мен құралдар Алатау ауданы, Теректі шағын ауданы, Айналмалы көшесіне жіберілді.

Оқиға орнына келген кезде 19:56-да ангар типті қойма өртеніп жатқаны анықталды. Өрт сөндіруге жеке құрамның 29 адамы, 7 техника мен қалалық әрекеттесу қызметі өртті сөндіруде, - деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт 20:37-де ауыздықталды. Су көздерінің алыс болғаны өрт сөндіру жұмыстарын қиындатты. Су тасу жұмыстары ұйымдастырылды. Өрттің таралу қаупі жойылды.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы