15 Қаңтар 2024 2024, 07:20 Фото: Архив BAQ.KZ

Алматыда қойма өртенді

Алматыда Әуезов және Гоголь көшесінің қиылысындағы қоймадан өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық ТЖД сілтеме жасап.

Алматыда Әуезов және Гоголь көшесінің қиылысындағы қоймадан өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық ТЖД сілтеме жасап.

Ведомствоның баспасөз қызметі мәлім еткендей, өрт 14 қаңтарда сағат 22:34-те ауыздықталып, сағат 22:50-де жойылған.

Өрттің шығу себебі анықталған жоқ, - делінген хабарламада.

Тілсіз жауға қатысты басқа да ақпараттар нақтылап жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Петропавлда темекісін сөндірмей ұйқтап қалған әйелдің өртеніп кете жаздағаны туралы жазған болатынбыз.