Алматыда қоқыс сұрыптау кезінде жаңа туған нәрестенің денесі табылды

Алматыда жаңа туған нәресте табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Криминалдық Қазақстан" Telegram-каналында хабарланғандай, 14 шілдеде "Green Recycle" ЖШС зауытында қоқыс сұрыптау кезінде кәсіпорын қызметкерлері конвейерлік желіде қоқыс пакетіне оралған баланың денесін тапқан.

Алматы ПД баспасөз қызметі бұл фактіні растап отыр.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Баланың анасы анықталды, басқа мәліметтер анықталып жатыр. Сараптама тағайындалды, - деді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

2024 жылдың мамыр айында Шымкентте шала туылған нәрестенің денесі қораптан табылған еді.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Алматы облысы әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы