Алматыда қоғамдық көлікте ұрлық жасаған күдікті ұсталды

Алматының Жетісу аудандық полиция басқармасына 33 жастағы әйел арызданған, оның айтуынша, түскі уақытта 130-бағыттағы қоғамдық көлікте белгісіз біреу оның 180 мың теңге ақшасын ұрлап кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Күдікті 33 жастағы К.есімді азамат болып шықты. Ұрлық қоғамдық көлік салонына орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған. "Ізін суытпай" ұсталған күдікті бөтеннің мүлкін ұрлағанын мойындады. Оның әрекеті ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі бойынша сараланды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

Полиция ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейтінін, ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналатынын ескертті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы