Алматыда қоғамдық көлікпен жүру тиімді ме
Орташа жалақымен есептегенде, қоғамдық көлікке қаражаттың 2%-ы жұмсалады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы «Көлік жүйесін дамыту» базалық бағытын іске асыру тобының жетекшісі Артур Шахбазян мәлімдеді.
Дүниежүзіндегі өзге мегаполистермен салыстырғанда, Алматыда жеке көлікпен жүруге қарағанда, қоғамдық көлікпен жүру бағасы жағынан әлдеқайда тиімді. Орташа жалақымен есептегенде, тек 2% жұмсалады. Бірақ, оған қарамастан, қаламызда жеке көлікпен жүруді таңдайтын адамдардың үлесі көп – 50%. Жүргізілген сауалнамада тұрғындардың 42%-ы автобустардың тым толуын, ал 41%-ы қоғамдық көлікті ұзақ күтуді басты проблема ретінде көрсеткен. Аталмыш мәселелерді шешу үшін көлік жоспарында келесі шешімдер қарастырылған: тұрғындарды аялдама кешенімен 100% қамту, қоғамдық көлік күнтізбесінің сақталуын 90-100%-ға қамтамасыз ету, жылжымалы құрамды 90-100%-ға экологиялық таза көліктермен ауыстыру, т.б. Сондай-ақ көлік бағытын құру барысында БРТ жолдарына басымдылық беріледі. Қаладағы дәліз жолдардың 81%-ын БРТ, 8%-ын ЛРТ, 6%-ын теміржол, 5%-ын метро құрайтын болады, – деді Артур Шахбазян.