Алматыда қоғамдық көлік тегін болады
Республикалық референдум өтетін күні Алматыда қоғамдық көлікпен жүру тегін болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Республикалық референдум өтетін күні Алматыда қоғамдық көлікпен жүру тегін болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Алматы қаласының Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы өкілдері хабарлады.
Басқарма мәліметінше, 2026 жылғы 15 наурызда қала тұрғындары мен қонақтары қоғамдық көлікті ақысыз пайдалана алады. Мұндай шешім референдум күні азаматтардың қала ішінде еркін қатынауын қамтамасыз ету және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында қабылданған.
Тегін жол жүру қалалық қоғамдық көліктің барлық бағытында қолданылады. Атап айтқанда, автобустарда, троллейбустарда, Алматы метрополитені желісінде.
Жолаушылар жолақыны төлеу тәсіліне немесе электронды билет жүйесіне қарамастан қоғамдық көлікті күні бойы тегін пайдалана алады.
Қала әкімдігі тұрғындар мен қонақтарды сапарын алдын ала жоспарлап, дауыс беру күні қала ішінде ыңғайлы қатынау үшін қоғамдық көлікті пайдалануға шақырды.