Алматыда қазыналы қарияларға құрмет көрсетілді

Алматыда Қарттар күніне орай мерекелік іс-шаралар легі басталды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Медеу ауданына қарасты “Думан” ықшамауданының ардагерлеріне арналған концерттік бағдарлама өтті. №172 мектеп-гимназиясының алаңы безендіріліп, ардагерлерге ерекше сый көрсетілді.

Бүгін қарттарымыз бен оқушыларымыздың бірігіп өнер көрсетіп, екі буынның тоғысқан сәтіне куә болдық. Біздің ардагерлеріміз өте белсенді жандар. Олар спортпен айналысып, түрлі үйірмелерге қатысады. Енді, міне, біргіп ән салып, күмбірлетіп күй шертіп жатыр. Бұл да бір жас буынға үлкен өнеге болады деген сенімдемін. Жыл сайын ұйымдағы белсенді қарттарымызға құрмет көрсетіп отырамыз. Бұл жолы да қарттарымызға ерекше сый көрсетіліп, алғысхаттар табысталды. Қазан айы қарттарымызға арналғандықтан, әлі де түрлі шаралар ұйымдастырылады деген жоспарымыз бар, - дейді Алматы жас дәрігерлер ассоциясының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының басшысы Слушаш Абенқызы.

Ардагерлерден құралған Белсенді ұзақ өмір сүру тобының мүшелері - 35 ардагер алаңға шығып, өз өнерлерін көрсетті.

Қарттар арасындағы осындай игі істердің көпке үлгі болатындығы айқын көрініс тапты. Мұндай шараларды ардагерлер мен жалғызбасты зейнеткерлерге көмек беру, қариялардың мәдени және спорт шараларына қатысуына жағдай жасау мақсатында өткізіп жатырмыз. “Қарты бар елдің қазынасы мол” дегендей, бұл өскелең жас ұрпаққа үлгі,тәрбие екендігі даусыз. Қарттарымыз аман болсын! - деді “думандық” ардагерлердің үйлестіруші-координаторы Гүлнар Сүлеева.

Кеш соңында облыстық кітапхана ұжымы баспадан жаңа шыққан шығармаларын ұсынды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы