Алматыда қазақ тілінде дыбысталған анимациялық фильмнің тұсаукесері өтті

Алматыда халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының ұйымдастырумен "Моана 2" анимациялық фильмінің қазақ тіліндегі тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Көрсетілімге тіл жанашырлары, қоғам қайраткерлері, дубляж актерлары мен журналистер, блогерлер қатысты. 

Анимация - адамның жан-дүниесін қуантуға жаралған дүние. Сондықтан біз шығармашылық құрам ләззат алдық, қуандық. Осындай жобалар көбірек болса екен. Көрерменге түсінікті, қазақ тілінде сапалы болу үшін бар күш жігерімізді салдық. Қазақ тіліндегі дыбыстама азайды деп, жұмысты тоқтаудың қажеті жоқ. Себебі осындай жұмыстар арқылы қазақ тілінің болашағын қалыптастырып, тіліміздің мәртебесін өсіре бермекпіз. Осы ретте айта кетерлігі журналистер мен әншілер дубляж жасағысы келетінін айтып өтініш білдіреді. Сахнадағы қазақ тілі сақталуы үшін тіл тазалығы керек. Бұл анимацияда ән орындалатын болғандықтан дыбыстамаға, ән орындауға әншілерді шақырдық. Олармен бірге коллаборация жасалды, - деді дубляж режиссеры Шах-Мұрат Ордабаев.

Моана рөлінде қазақстандық актриса Құралай Өтепова өзінің шебер дауысымен кейіпкерге жан береді. Ал оның барлық әндерін танымал әнші НАZИМА орындап, ерекше музыкалық әсер сыйлайды.

Дубляждағы алғашы тәжірбием "Ойжұмбақ 2" анимациялық фильмінен басталған болатын. Ал "Моана 2" менің екінші кейіпкерім. Екеуінің айырмашылығы мінезде болды. Бұл фильім шытырман оқиғаларға толы болғандықтан эмоцияналдық сезімдер, жүгіру, секіру сынды қимыл-қозғалысқа толы болғандықтан барлығын дыбыстау керек болды. Сол жағы маған қиынға соқты. Қазақ тілі өзгеше болғандықтан аударып, дыбстаған кезде қазақы өзіміздің элементтерді қостық. Дыбыстау кезінде қызыммен бірге жасадық. Қазақ тілді дубляждың болашағы зор деп санаймын,- деді актриса Құралай Өтепова.

"Қазақ тілі" қоғамының ұйытқы болуымен биылдан бастап ірі халықаралық студиялар әлемдік премьераларынқазақ тілінде ұсына бастады. Осы бастама аясында Disneyстудиясы биыл "Ойжұмбақ 2", "Моана 2", "Муфаса. Арыстан патша" деп аталатын үш фильмін қазақ тіліне аударып, дубляж жұмыстарын қаржыландырды. Қазақ тілінің ірі халықаралық студиялар өз қаражатымен қолдайтын тілдердің қатарына қосылуы – тіліміздің дамуы үшін өте маңызды оқиға.

Еске салайық, Астана қаласында "Моана 2" анимациялық фильмінің қазақ тіліндегі тұсаукесері Мega Silk Way, Chaplin кинотеатрында өтеді. Іс-шараға депутатар мен тіл жанашырлары, қоғам қайраткерлері, дубляж актерлары мен журналистер қатысады.

"Моана 2" фильмінде көрермен сүйікті кейіпкерлері Моана және Мауимен қайта қауышады. Сондай-ақ, жаңадан қосылған ержүрек теңізшілермен бірге қызыққа толы сапарға аттанады. Теңізші бабаларынан аян алған кейіпкерлер Океанияның шалғай, қатерлі аймағына сапар шегіп, естен кетпес шытырман оқиғаларды бастан өткереді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы