Алматыда қазақ күресінен «Әскер барысы» анықталды

Алматыда әскерилер арасында қазақ күресінен ашық турнир өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Республикалық бәсекеге еліміздің барлық күштік құрылымдарынан 50-ден астам спортшы қатысты. Турнирдің ерекшелігі – жеңімпаздар қазақ күресінен өтетін дәстүрлі «Қазақстан Барысы» турниріне жолдама алады.

Сонымен қатар биыл алғаш рет «Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілері арасында «Жас сарбаз барысы» атағы үшін жарыстар ұйымдастырылды. Турнир қорытындысы бойынша бірінші орынды Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының спортшысы, сержант Әділ Оразбаев иеленді. Ал «Жас сарбаз барысы» атағы Десанттық шабуылдаушы әскерінің «жас барысы» Нұрсейіт Сахыбаевқа бұйырды.

Қарулы күштерде жалпы идеология құралы ретінде ұлттық спорт түрлерін насихаттап, дамытып келеміз. Биыл Қазақстанда алғаш рет ТМД елдерінің әскерилері арасында қазақ күресінен чемпионат өткізуді жоспарлап отырмыз, - деді ҚР Қорғаныс министрлігі спорт комитетінің төрағасы Арман Әбеуов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы