Алматыда қайырымдылық көрмесі ұйымдастырылды

Алматыда көркемсурет мектебінің «Ұлт жаны» атты көрмесі өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Көрмеде 350- ден астам өнер туындысы қойылды.

Іс-шара балалар мен ересектер арасында шығармашылықты дамыту мақсатында өтіп жатыр. Сондай-ақ балалар үйі мен көп балалы отбасылардың дарынды тәрбиеленушілеріне қайырымдылық көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Іс-шара сызу мектебі оқушыларының кәсіби дамуына да көмектеседі. Айта кетейік, «Art Graphica» балаларға жергілікті және халықаралық деңгейде өзін көрсетуге тамаша мүмкіндік береді, - деді көрме ұйымдастырушысы Айгүлім Қали.

Шараның басты мақсаты келешек ұрпақты өнерге баулу, талғамын ұштап, көркем сурет шығармашылығына жол ашу.

Көрменің бір ерекшелігі, келушілердің әрқайсысы өзіне ұнаған жұмыстарды сатып ала алады. Көрменің үздік деп танылған жеңімпаздары арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Көркемсурет мектебі
Өзгелердің жаңалығы