Алматыда “Қайраттың” Чемпиондар лигасындағы матчын көру Лиссабондағыдан да қымбат

Алматыда өтетін Чемпиондар лигасының ойынын көру Лиссабон, Милан және Мадридтегіден де қымбатқа түсуі мүмкін. Бұл туралы қазақстандық спорт журналисі Иван Резванцев айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Блогер Сырым Иткуловтың жазуынша, “Қайрат” билет құнын 250 мың теңгеге дейін, ал матчтар топтамасын 1 млн теңгеге дейін көтеріпті. Ал Еуропада УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезең матчтарын әлдеқайда арзанға көруге болады, – деді Резванцев.

Ол көрсетілген сандарды қайта тексеруді ұйғарды. Журналист “Қайрат” ФК ресми сайтындағы деректерді келтірді: мадридтік “Реалға” қарсы ойынды көру билеті 30 мыңнан 250 мың теңгеге дейін бағаланған.

Билет саясаты турнир талаптарына және Чемпиондар лигасы матчтарын өткізу бойынша халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді, – делінген футбол клубының хабарламасында.

Журналист шетелдегі билет құнын да салыстырды:

Мысалы, 19 қыркүйекте Қазақстанның қазіргі чемпионы Лиссабонда “Спортингпен” ЧЛ-2025/2026 топтық кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізеді. Қазіргі таңда билеттердің басым бөлігі сатылып кеткен, тек 2%-ы ғана бос тұр. Соған қарамастан, әлі де билет сатып алуға болады: бағасы 14 160 теңгеден 83 275 теңгеге дейін. Футболды халық ойыны дейді. Бірақ байқасақ, Алматыда олай емес сияқты. Шамасы, Оңтүстік астанада матчқа бару Лиссабон, Мадрид пен Миланға қарағанда әлдеқайда қымбатқа түседі, – деді Резванцев.

Еске салайық, бұған дейін "Қайрат" пен "Реал Мадрид" ойынының билеттері сатылымға қашан шығатыны туралы жазған едік. 

Сондай-ақ, "Қайрат" – "Реал" матчының билет бағасы белгілі болған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы