Алматыда Қайрат Сатыбалдыдан қайтарылған активтер қайтадан саудаға шығарылды
Лоттар туралы толық ақпарат, сауда-саттыққа қатысу шарттары және аукцион өткізу тәртібі мемлекеттік мүлік тізілімінің порталында жарияланған.
Қайтарылған активтерді басқару компаниясы Қайрат Сатыбалдыдан қайтарылған активтерді қайтадан саудаға шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Саудаға шығарылған мүліктердің қатарында зергерлік бұйымдар, сағаттар, коммерциялық нысан мен элиталық тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлер бар.
Зергерлік бұйымдар мен сағаттар
Электронды саудаға зергерлік бұйымдар мен сағаттардың 36 лоты қойылған. Сауда-саттық 2026 жылғы 9 шілдеде сағат 11:00 және 12:00-де басталады. Лоттардың жалпы бастапқы бағасы – 517,8 млн теңге.
"Kaisar Plaza" сауда-офистік орталығы
Қайта саудаға шығарылған ең қымбат активтердің бірі – "Kaisar Plaza" сауда-офистік орталығы.
Нысанның жалпы аумағы 63 920 шаршы метр. Сауда-саттық 2026 жылғы 10 шілдеде сағат 12:00-де өтеді.
Бастапқы бағасы – 47,3 млрд теңге.
"Парижский кварталдағы" №1 пәтер
Астанадағы "Парижский квартал" тұрғын үй кешенінде орналасқан №1 пәтер де электронды саудаға қойылды. Пәтердің жалпы ауданы – 93,6 шаршы метр.
Сауда-саттық 2026 жылғы 14 шілдеде сағат 11:00-де басталады. Бастапқы бағасы – 95,9 млн теңге.
"Парижский кварталдағы" екі деңгейлі №6 пәтер
Сол тұрғын үй кешеніндегі екі деңгейлі №6 пәтердің жалпы ауданы 309,5 шаршы метр.
Сауда-саттық 2026 жылғы 14 шілдеде сағат 11:00-де өтеді. Бастапқы бағасы – 308,7 млн теңге.
"Green Village" тұрғын үй кешеніндегі пәтер
"Green Village" тұрғын үй кешенінде орналасқан №2 пәтер де аукционға шығарылды. Пәтердің жалпы ауданы – 231,8 шаршы метр. Сауда-саттық 2026 жылғы 14 шілдеде сағат 11:00-де басталады.
Бастапқы бағасы – 181,9 млн теңге.
Лоттар туралы толық ақпарат, сауда-саттыққа қатысу шарттары және аукцион өткізу тәртібі мемлекеттік мүлік тізілімінің порталында жарияланған.
Қызығушылық танытқан азаматтар мен компаниялар активтердің сипаттамаларымен танысып, белгіленген тәртіппен электронды саудаға қатыса алады.
Еске салайық, Қайрат Сатыбалдының өзі 2024 жылы қыркүйекте бостандыққа шыққан болатын. Бұған дейін сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін 6 жылға сотталған бірінші президенттің жиені Қайрат Сатыбалды қалған 3 жыл 3 ай және 7 күн мерзімді ол Алматыдағы пробациялық бақылауда өткізеді.