Алматыда қауіпті аймақта 90 құрылыс нысаны бар

Бұл туралы Алматы ТЖД баспасөз хатшысы Гүлдана Нұрымбетова айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, тау бөктерінде қауіпті құрылыс жүргізіп жатқан 90 объекті бар.

Төтенше жағдайлар департаменті мен «Қазселденқорғау» тау бөктерінде, лай көшкіні болу қауіпі бар аймақтарда құрылыс жүргізуге болмайтынын жиі ескертеді. Бүгінгі күні Төтенше жағдайлар департаменті мен «Қазселденқорғау» қызметкерлері тарапынан мұндай 90 объекті анықталды. Құрылыс нысандарының барлығына қатысты тиісті шаралар қолданылып, құзыретті органдарға хат жіберілді, – деді Гүлдана Нұрымбетова.

Сондай-ақ ол бүгін түнде болған лай көшкіні техногендік сипатта екенін айтады.

Өкінішке қарай, бау-бақша серіктестіктерінде құбырлардың ақаулары жиі болады, салдарынан топырақ суға толып, төтенше жағдай болады. Бірақ мұнда бұл техногендік сипаттағы жағдай болды деп айтуға болады, – деп пікір білдірді Алматы ТЖД баспасөз хатшысы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы