Алматыда қауіпсіз аймақтардың картасы қайта жасалады – әкім

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Қала тұрғыны Медеу ауданында заңсыз құрылыс нысандары әлі күнге бой көтеріп, айтылған ережелер мен жоспарға бақылау жоқ екенін атап өтті.

Қазір тау бөктеріндегі жағдай қиын. Сіз әкім болып келгенде "үйлер 5 қабаттан аспайды, жасыл желек оталмауы керек" дедіңіз. Біз бұл жаңалықты естіп қуандық. Дегенмен осы айтылған ережелер мен жоспарға бүгінгі күні бақылау жоқ. Әсіресе, мұндай жағдайлар "Тау самалы" шағынауданында көбірек кездеседі, 15 градустан асатын құрылыс жалғасып жатыр. Обсерваторияның айналасында да заңсыз әркет еткендер бар. Медеу ауданынан ғана емес, тау бөктерінің барлық тұрғынының атынан үлкен өтініш, кешегі апаттан кейін барлық тау бөктеріне аудит тағайындаңыз. Ең қауіпті жерлерді анықтаңыз. Аудит кезінде жүріп жатқан құрылыстарға мораторий жариялаңыз. Осының арқасында қазір мыңдаған адамның өмірін сақтап қаласыз. Алматының болашағы үшін заңсыз, қауіпті құрлыс нысандарына шектеу қойсаңыз. Қауіпсіз аймақ картасы туралы не деуге болады? - деп сұрады қала тұрғыны.

Қала әкімі тұрғынның сұрағына жауап беріп, қауіпсіз аймақтардың карталарына сейсмоаудит жүргізіліп жатқанын айтты.

Қазір Мемлекет басшысының қала қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы аясында Парламент біздің қолдауымызға ие болады және біз оны түпкілікті бекітеміз деп үміттенеміз. Қаланың жоғарғы бөлігіндегі, тау бөктерінде салынған құрылыс нысандарын бақылауда ұстап отырмыз. Біз тікелей аудит жасай алмаймыз, бірақ біз қазір беткейлердің геологиясын зерттеп жатырмыз. Яғни, сіздер білесіздер, Алматының айналасында негізінен бірінші және екінші типтегі сазды жерлер. Екінші типтегі жерге үй салуға болмайды. Біз заңсыз құрылыс нысандарына байланысты соттарды жеңіп шықтық. Дегенмен ол жерлерге біз әлі ештеңе істей алмаймыз. Бірақ құрылыс жұмыстары тоқтатылып, сол күйінде қалды. Сондықтан қалалық жоспарлау басқармасы бұл мәселемен айналысады. Ал қауіпсіз аймақтардың карталарын біз қазір қайта қарап, сейсмоаудит жүргізіп жатырмыз, - дейді қала әкімі Ерболат Досаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы