Алматыда Қарулы күштердің әскери қызметшілері спорттық жарыстар өткізді

Конституция күніне орай Алматы өңірлік гарнизонында Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының базасында футбол, волейбол, белтемірге тартылу және арқан тартудан спорттық жарыстар өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оған құрамында жүзден астам әскери қызметші бар «Жас ұлан» республикалық мектебі, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы, Құрлық әскерлерінің әскери институты, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты, Алматы өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасы, Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің 16194 және 61993 әскери бөлімдерінен құралған жеті команда қатысты.

Футбол мен арқан тартудан өткен жарыста Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының командасы жеңіс тұғырына көтерілді. 16194 әскери бөлімінің құрамасы екінші, Құрлық әскерлері әскери институтының командасы үшінші орындарды иеленді.

Волейболдан Құрлық әскерлері әскери институтының командасы үздік атанды. Екінші, үшінші орындарды Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты мен 61993 әскери бөлімінің волейболшылары өзара бөлісті.

Белтемірге тартылуда бірінші және екінші орындарды Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары иеленді. Құрлық әскерлері әскери институтының командасы үшінші орынды місе тұтты.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдар және грамоталармен марапатталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қорғаныс министрлігі
Өзгелердің жаңалығы