30 Қараша 2025 2025, 22:53 Фото: istockphoto.com

Алматыда қарсы жолаққа шыққан көлік ірі жол апатына себеп болды

Алматыда Рысқұлов пен Сүйінбай көшелерінің қиылысында түнгі 00:25 шамасында ірі жол-көлік апаты болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматыда Рысқұлов пен Сүйінбай көшелерінің қиылысында түнгі 00:25 шамасында ірі жол-көлік апаты болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Полиция департаментінің мәліметінше, Рысқұлов көшесімен шығыс бағытта келе жатқан Haval маркалы көлік Сейфуллин даңғылынан өткен соң басқарудан айырылып, жол шетіне шығып кеткен. Осы сәтте ол көрші қатарда келе жатқан Chery көлігін соққан.

Соққыдан Haval қарсы жолаққа қарай лақтырып жіберіліп, батыс бағытта келе жатқан Audi және Hongqi маркалы көліктерімен қақтығысқан.

Жол апаты салдарынан Haval жүргізушісі ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Сонымен бірге Audi жүргізушісі мен Hongqi жолаушысы облыстық ауруханаға медициналық көмекке жеткізілген.

Қазіргі уақытта сараптама тағайындалып, жол-көлік оқиғасының нақты себептері анықталып жатыр.