Алматыда Қарғалы өзенінің жағалауын абаттандыру жыл соңына дейін аяқталады
Алматыда Наурызбай ауданындағы Қарғалы өзенінің жағалауын абаттандыру ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді.
Абаттандыру селден қорғау бөгетінен Жандосов көшесіне дейінгі ұзындығы 7,7 км учаскені қамтиды. Жұмыстар аясында өзен арнасын тазалау, жаяу жүргіншілер аймағын жайластыру, сыртқы жарықтандыру желілерін орнату, суару жүйесін салу, 6 көпір өткелі, балалар ойын және спорт алаңдары, көше жиһаздарын орнату көзделген.
Сондай-ақ 3 мың жапырақты және қылқан жапырақты ағаштар отырғызылады.
Жобаның маңызды бөлігі-балалар мен спорт алаңдары, жаяу жүру жолдары және өзен жағасында демалу мүмкіндігі бар жаңа қоғамдық кеңістік құру. Балаларға арналған құмсалғыштар мен су аймақтарын, орындықтары мен үстелдері бар ата-аналарға арналған демалыс аймақтарын құру жоспарлануда.
Тротуарды жабының жоспарланған алаңы 3,7 мың шаршы метрді құрайды, тұрақ алаңы – 2 мың шаршы метрден астам, көгалдандыру-3,8 гектардан астам. Келушілердің жайлылығы үшін 135 орындық пен урна орнату жоспарлануда.