Алматыда Қарғалы өзені жасыл түске енді: кінәлілер іздестіріліп жатыр
4 тамызда алматылықтар Қарғалы өзенінде судың жасыл түске боялғанын байқаған. Өзенді ластағандар іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Қарғалы өзенінің Жандосов көшесі мен Абай даңғылының арасындағы бөлігінде судың түсі өзгерді.
Болжам бойынша, өзен арнасына жасыл түсті химиялық зат төгілген болуы мүмкін. Алматы қаласының экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасы аумақты тексерді, - деп хабарлады қала әкімдігі.
Суға қандай зат түскенін және оның концентрациясы қандай екенін анықтау үшін қалалық экология және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері зертханалық тексеру үшін су сынамасын алды.
Бүгін экологтар мен санитарлық эпидемиологтар, сондай-ақ Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы бірлесіп, зардаптарды жоюға кіріседі. Әкімдік мәліметінше, өзен арнасында судың табиғи түсі сақталып тұр, ластану белгілері тіркелген жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы