23 Желтоқсан 2025 2025, 11:19 Фото: pixabay.com

Алматыда қарашада жоғалып кеткен ер адам өлі табылды

Алматыда 28 қарашада жоғалып кеткен ер адам өлі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алматыда қараша айында жоғалып кеткен ер адам өлі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

1991 жылы туған ер адам 28 қарашада үйінен күндізгі сағат 12:00 шамасында шығып, содан кейін қайта оралмаған. Сол күні оның үстінде көк жилет, көк свитер, сұр шалбар және қара кроссовка болған.

Ер адамның денесі 22 желтоқсанда табылды. 

Алматы қаласының Жетісу ауданының жеке секторында Д. есімді азаматтың денесі табылды. Зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Өлім себебі анықталуда, – деп хабарлады Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі.