Бүгiн 2026, 08:54 Фото: Скриншот

Алматыда қар көшкінінің алдын алу жұмыстары жүргізілді

Іс-шараға 19 маман, 6 арнайы техника және бір кинологиялық топ жұмылдырылды.

Алматы қаласындағы Котырбұлақ өзені алабында, тау-шаңғы курорты аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қар көшкінін алдын ала түсіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мамандар №10 және №11 қар көшкіні учаскелерінде бақылаулы жарылыс жасап, нәтижесінде шамамен 2000 текше метр қар көшкіні түсірілді.

Іс-шараға 19 маман, 6 арнайы техника және бір кинологиялық топ жұмылдырылды. Жұмысқа «Қазселденқорғау», Алматы қалалық ТЖД, «Барыс» республикалық жедел-құтқару жасағы, Апаттар медицинасы орталығы және TauKen Prom ұйымдары қатысты.

Құтқару қызметтерінің мәліметінше, жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде зардап шеккендер мен қираулар тіркелген жоқ.