Алматыда қар көшкіні болды

Тексеру жүргізу кезінде "Қазселденқорғау" мамандары Алматы облысы "Түрген – Батан”ауылы автожолының 23,4 шақырымында қар көшкіні болғанын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Өздігінен қар көшкінінің көлемі 187,5 метр кубты құрады.

Қар көшкінінің түсу себебі температураның жоғарылауы және таулардың баурайындағы қар жамылғысының едәуір қоры. Зардап шеккендер мен қиратулар жоқ.

Қар көшкіні Түрген-Батан автожолын жауып тастады. Автожолды тазалау жұмыстарын жергілікті атқарушы органдар жүргізіп жатыр.

ТЖМ Алматы облысының тауларында көшкін қауіпті екендігін, алдағы күндері тауға барудан бас тартуды ескертеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы