Алматыда қаңтар оқиғасына арналған көрме ашылды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Мемлекеттік орталық музейінде Алматы қаласы «Алмалы Палитра» суретшілер қауымдастығының Республикамызға арналған «Менің Қазақстаным-менің отбасым» атты көрмесі ашылды.

Қаңтар оқиғасына раналған көрмеге 35-тен астам суретшінің жұмыстары қойлыған, келушілер назарына — бейнелеу өнер, акварель, графика, сәндік қолданбалы өнер және тағы басқа жанрдағы жұмыстарын ұсынылды.

Көрмедегі көрсетілген көркем шығармалар қаламыздың тарихын, сонымен қатар  әр ғимараттың тарихи құнды дүние  екенін бейнелейді.

Көрме, қылқалам шеберлерінің Алматы қаласына деген сүйіспеншілігі мен патриоттық, рухтық сезімдері арқылы жеткізуге арналған.


      
Германиядан келген қазақ суретшісі Болат Мекебаев қаңтар оқиғасында орын алған жайттар шығармашылық адамдары үшін оңайға соқпағанын жеткізді.

Қалада болып жатқан нәрселер шығармашылық адамдары үшін оңайға соқпады. Суретшілер айналада болып жатқан жайтты қылқалам арқылы жеткізеді. Елге келіп, көрмемді өткізіп жатқаныма төрт айдай болып қалды. Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда болдым, Төлеби даңғылы бойымен кетіп бара жатқан халықпен бірге еріп отырып, алаңға дейін бардым, онда не болып жатқанын өз көзіммен көрдім,-дейді суретші.

Суретшілердің кейбір жұмыстары ҚР Орталық музейінің қорын толықтырады.

 


 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы