Алматыда қаңтар айында 825 адам қызылша жұқтырған

Өткен жылдан бері қызылшаға қарсы 149 мыңнан астам адам екпе алды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл тұралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мәлімдеді. 

Қаңтар айының басынан бері мегаполисте қызылшаның зертханалық расталған 825 жағдайы тіркелді, оның 495-і 14 жасқа дейінгі балалардың үлесіне тиді. 2023 жылғы 6 қараша мен 2024 жылғы 28 қаңтар аралығында қызылшаға қарсы иммундаумен барлығы 149 550 адам қамтылды, оның ішінде 6 айдан 10 айға дейінгі балалар 29 күн - 11 378, 2 жастан 4 жасқа дейінгі балалар 11 ай 29 күн-73 164, медицина қызметкерлері - 8 676 және иммундау бойынша - 18 жасқа дейінгі 56 332. Ересектердің қалған бөлігі ақылы негізде жеке егу кабинеттерінде қызылшаға қарсы екпе ала алады, – дейді Әсел Қалықова.

Сарапшының айтуынша, қызылшаны жұқтырудың, сондай-ақ олардың асқынуларының алдын алатын жалғыз тиімді құрал - вакцинация.

Қызылшаға қарсы вакцинаның әрбір дозасы баланың иммунитетін нығайтады. Вакцинация жүргізу үшін ДДҰ сертификаттаған және ҚР-да тіркелген қызылшаға, қызамыққа, эпидемиялық паротитке қарсы аралас вакцина қолданылады, - деді Әсел Қалықова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі
Өзгелердің жаңалығы