Алматыда қандай тұрғын үй кешенін сатып алуға болмайды?
Алматы қаласының әкімдігі екі тұрғын үй кешенін тұрғындарға сатып алмауды ұсынды, деп хабарлайды BAQ. KZ.
Алматы қаласының Қала құрылысын бақылау департаменті интернет-ресурстарға мониторинг жүргізу барысында құрылысқа қажетті рұқсаты жоқ тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлердің сатылатыны туралы хабарландыруларды анықтаған.
«Auezov Apartments» ТК - Алмалы ауданы, Қарасай батыр көшесі, 183/19. Тапсырыс беруші Garant LTD Service ЖШС.
2021 жылғы 30 сәуірде тапсырыс беруші тарапынан Garant LTD Service ЖШС жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша қолданыстағы ғимараттарды қайта жаңартуға және қолданыстағы құрылыстарды бұза отырып, қызмет көрсету объектілері бар әкімшілік ғимараттың қосымша құрылысын салуға хабарлама берді. Алайда, жылжымайтын мүлікті сату сайттарында көрсетілген мекенжай бойынша пәтерлердің жарнамасы орналастырылған, бұл қолда бар құжаттарға сәйкес келмейді, – делінген хабарламада.
Tole bi Residence ТК - Алмалы ауданы, Аносов көшесі, 103 «Б». Тапсырыс беруші Adal Сity Stroy ЖШС.
Хабарламадағы ақпаратқа сәйкес, 1-блок құрылысының 1-кезегі 2023 жылдың 4-тоқсанында пайдалануға беріледі.
Алайда, бүгінгі күні жоғарыда аталған объект бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабарлама түскен жоқ және құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілмеген.
Алматылықтарға жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын салынып жатқан тұрғын үй кешені құжаттарының бар-жоғын тексеру қажет екенін еске саламыз, мұны Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасының +7 (727) 229-81-36 жедел желісінің нөмірі, – делінген әкімдік таратқан ақпаратта.