Алматыда қала маңына қатынайтын тағы бір жаңа бағыт ашылды
Алматы Қалалық мобилділік басқармасы 26 қарашадан бастап №216 жаңа қаламаңы бағытын іске қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Аталған маршрут Дәулет ауылы мен Алматы-1 теміржол вокзалы аралығында қызмет көрсетеді. Желіде 45 минуттық жиілікпен 5 автобус жүретін болады.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы агломерациясын дамыту аясында Басқарма 2023 жылы 25 елді мекенді қамтитын 10 қаламаңы бағытын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Бұған дейін 7 бағыт іске қосылды, қалған 2-уі әзірленуде.
Бұдан бөлек, Алматы және Алматы агломерациясын дамыту жоспарына сәйкес 2024 жылдың соңына дейін қала маңындағы 20 жаңа бағытты ұйымдастыру жоспарлануда, олардың есебінен 50 елді мекен қамтамасыз етіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Биыл Қостанайда 2 ірі инфрақұрылымдық нысан пайдалануға беріледі
Келесі жаңалық
Жетісулық еріктілер қызылшашыларға ыстық шай берді
Өзгелердің жаңалығы