Алматыда праймеризге 300-ге жуық адам тіркелді
Алматы, BAQ.KZ. Бүгін 17 тамызда басталған праймериздің алғашқы кезеңі аяқталды.
Нәтижесінде Алматыда Nur Otan партияішілік іріктеуге қатысуға 299 адам тіркелді. Бұл туралы Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.
Тіркелгендердің ішінде 35,5% әйелдер, 35,5% жастар және ерекше қажеттіліктері бар адамдар, көпбалалы аналар, еріктілер және басқалар бар.
Бүгін ұйымдастыру комитеті үміткерлердің құжаттарын тексеруді аяқтайды. Содан кейін толық тізім праймериз сайтында жарияланады. Алматы бойынша өтінімдер санына негізделсек, бәсекелестік праймеризде бір орынға 8 адамды құрайды деп айтуға болады, - делінген хабарламада.
Келесі кезеңдерде кандидаттарды үгіттеуге дайындау, үгіт-насихат жұмыстары және дауыс беру басталады.
Естеріңізге сала кетейік, электрондық дауыс беру 1-3 қазан аралығында өтеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Семей полигонының жабылуына 29 жыл: Тоқаев үндеу жасады
Өзгелердің жаңалығы