Алматыда бір аптада праймеризге қатысуға 120 адам тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 17 тамыздан бастап праймериздің бірінші кезеңі - қатысушыларды тіркеу басталды.
Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен аптада мегаполисте праймеризге тіркеуге 120-дан астам адам өтініш берді. Оның ішінде 33%-ы әйелдер және 35 жасқа дейінгі жастардың 30%-ы, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар тіркелген адамдар, көпбалалы аналар, еріктілер және басқалар.
Қатысушыларды тіркеу 28 тамызға дейін жалғасады, тіркеу аяқталғаннан кейін 30 тамызда партияның праймеризіне қатысуға өтініш берген азаматтардың есімдері бар толық тізім жарияланады. Содан кейін жаңа кезеңдер басталады: кандидаттарды үгіттеуге дайындау, үгіт-насихат жұмыстары, дауыс беруді өткізу, тізімдерді дайындау, - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, электрондық дауыс беру 1-3 қазан аралығында онлайн режимінде «Праймериз» жаңа ақпараттық жүйесі арқылы өтеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Өзгелердің жаңалығы