Алматыда полиция көлігі мопед жүргізушісін қағып кетті

Полицияның патрульдік көлігі солға бұрылып, маневр жасағанда автобус жолағында келе жатқан мопед жүргізушісін қағып кеткен, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Жетісу ауданында болған. Аталған жағдайға Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

Патрульдік полиция экипажы шұғыл шақыруға бара жатқанда, белгіленген ережелерге сәйкес қатаң түрде бұрылу маневрін жасады, алдын ала жарқыраған маяктар мен СГУ-ды қосты. Жол қозғалысына қатысушылар полиция көлігіне тоқтап, жол берді. Алайда қоғамдық көлікке арналған жолақпен жүретін мопед жүргізушісі заң талаптарын елемей, патрульдік машинамен соқтығысты. Ол медициналық көмектен бас тартты. ЖКО фактісі тіркелді. "Chevrolet" автокөлігінің жүргізушісі жауапкершілікке тартылды. Өндіріс материалдары сотқа жіберіледі, – дейді Алматы қалалық ПД.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы