Алматыда полиция бастығының бұрынғы орынбасары ұсталды
Алматы қалалық ПД бастығының бұрынғы орынбасары Берік Әбілбеков қаңтар оқиғасы кезіндегі азаптау дерегі бойынша ұсталды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді.
2022 жылғы қаңтарда Алматы облысы Қарасай ауданы Кошмамбет ауылында орналасқан арнайы қабылдау орнында азаматтарды азаптау бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Тергеліп жатқан қылмыстық іс шеңберінде, 2024 жылғы 28 мамырда ҚПК-нің 128-бабына сәйкес Алматы қаласы полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Б. Әбілбеков ұсталды" - делінген Бас прокуратураның хабарламасында.
Құзырлы орган ҚПК-нің 201-бабы негізінде іс бойынша өзге де толығырақ ақпарат жария етуге жатпайтынын мәлімдеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы