Алматыда Plastic Reboot акциясы қорытындыланды

Алматыда 18-24 қазан аралығында «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Жарқын күз» науқаны аясында өткен Plastic Reboot акциясы аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бір апта ішінде қала тұрғындары экологияны жақсартуға белсенділік танытып, 26 950 пластик бөтелке тапсырды. Әсіресе, Жетісу және Алмалы аудандарының тұрғындары белсенділік танытты. Акцияның мақсаты – қайта өңдеу және қоқысты бөлек жинау мәдениетін насихаттау. 

Жиналған бөтелкелер қайта өңдеуге жіберіліп, пластик қалдықтарының көлемін азайтуға ықпал етеді. 

Сондай-ақ, қаладағы оқу орындарында желтоқсан айына дейін жалғасатын «Мейірімді қақпақ» акциясы өтіп жатыр. Оның нәтижесінде қайта өңделген пластиктен жасалған ерекше жаңажылдық шырша орнатылып, мерекеге орай қала тұрғындарына ұсынылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Алматы қаласының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы