Алматыда педиатр дәрігер коронавирустан көз жұмды
Алматы, BAQ.KZ. Кеше Алматыда жоғары санатты педиатр-дәрігер Гүлназым Нұрғалиева коронавирустан қайтыс болды.
Оның күйеуі хирург, ал ұлы травматолог, екеуі де №12 қалалық клиникалық ауруханада жұмыс істейді. Гүлназым Нұрғалиева вирусты отбасы мүшелерінен жұқтыруы мүмкін деп санайды жақындары. Өйткені әкесі мен ұлы 16 сәуірден бері карантинде және ем қабылдап жатыр.Анамның жүрегі шыдамады. Ол ауырған кезде оны суық тію бойынша емдеген, шамасы инфекцияның белгілері болмаған болу керек. Бір күн бұрын жедел жәрдем келіп қараған, ауыр ештеңе байқамаған. Қайтыс болардан бір сағат бұрын қоңырау шалып, бәрі жақсы екенін айтты. Кейін есінен танып құлаған, содан өзіне келе алмады. Оны туыстары мен жақындарының қатысуынсыз жерледі. Қаулы бойынша COVID-19 жұқтырғандарды солай жерлейді, - дейді марқұмның ұлы Тимур Қуандықов.
Алматы қаласы, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқас медициналық жедел жәрдем бригадасын шақырған, бірақ бригада келгенге дейін қайтыс болып кеткен.
1957 жылы туған пациент, күйеуінің айтуы бойынша бір апта ішінде қақырығы бар жөтелге және температураның жоғарылауына шағымданған. Учаскелік дәрігерге тексеріп-қаралмаған. Өз бетінше үйде емделген. Кеше кешке кенеттен тұншығып, есінен танып қалған. Коронавирусқа алынған талдаулар нәтижесі оң болған, - дейді басқармадағылар.
Гүлназым Нұрғалиева Ұлттық Медициналық қауымдастығының "Алтын Дәрігер" жоғары марапатының және Ave Vitae орденінің иегері.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
42 500 теңге: Жәрдемақы алуда азаматтар қай банкке көп жүгінген?
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы