Алматыда паркингте тұрған көліктер өртеніп кетті

Оқиға Брусиловский көшесіндегі 18 қабатты үйдің паркингінде болған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Аталған жағдайға байланысты Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі түсінік берді.

Бүгін сағат 00-59-да Алмалы ауданының өрт сөндірушілері Е. Брусиловский көшесіндегі 18 қабатты үйдің паркингінде 10 шаршы метр алаңда отқа оранған BMW және Hyundai Accent автокөліктерін сөндірді. Өрттің себебі анықталуда. Абырой болғанда, зардап шеккен адамдар туралы ақпарат түскен жоқ, - деді Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметінде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан скриншот
Өзгелердің жаңалығы