Алматыда пакетке салынған әйелдің денесі табылды
Алматы-1 вокзалының маңайында пакетте оралған әйелдің мәйіті табылған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Қайғылы оқиға Түркісіб ауданында болған.
Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, әйелдің жасы шамамен 45-50-де болған.
Аталған жағдайға қатысты Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.
Бұл дерек бойынша Түрксіб аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғады. Объективті мән-жайларды анықтауға бағытталған жедел және тергеу шараларының кешені жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілмейді. Тергеу жүргізіліп жатыр,- деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Еске салайық, күні кеше Алматыда қашып кеткен сотталушыға іздеу жарияланған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Түркістан облысында 40 отбасы жаңа баспанаға ие болды
Өзгелердің жаңалығы