Алматыда пәтер тонаушылар ұсталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы полицейлері пәтер тонаушыларды ізін суытпай ұстады. Тәртіп сақшылары құрықтаған кезде олар кезекті пәтерді тонап келе жатқан, деп хабарлады Алматы қаласы Полиция департаменті.
Ведомство таратқан мәліметте үш адамнан тұратын ұрылар тобының өзге қаладан келгендігі айтылған. Оларды ұстау бойынша арнайы операция қаңтардың 18 күні қаланың Алмалы ауданында жүргізілген. Ұрылар кезекті пәтерді тонап үйлеріне оралған кезде құрықталған.
«Күдіктілер күндізгі уақытта тұрғындардың үйінде болмау сәтін пайдаланып қала орталығындағы тұрғын үйдің бірінің пәтерін тонаған. Ол жерден алтын бұымдар мен ірі көлемдегі ақшаны қолды қылған», -дейді Алматы ПД-нің қылмыстық полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов.
Жедел іздестіру шараларының арқасында ұрылардың көлігі анықталған.
«Олардың ізіне түскенімізде ұрылар жасырынуға тырысты, алайда Тұрғыт Озал мен Қарасай батыр көшелерінің қиылысында олардың көлігінің жолы кесілді. Көлікті тәркілеу кезінде заттай айғақтар табылды», - деді Ысқақов.
Тексеру барысында бұл топтың құрамында 32 мен 45 жас аралығындағы үш адам болғаны анықталған. Олардың барлығы бұған дейін ұрлық жасағаны үшін істі болғандар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
БҰҰ Астана процесіне жоғары баға берді
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы