Алматыда өзгенің атынан несие рәсімдеп келген алаяқ ұсталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда 41 жастағы ер адам интернеттің көмегімен азаматтардың ақшасын заңсыз иемденген. Бұл туралы Алматы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Криминалдық полиция басқармасының мәліметіне сәйкес Алматы облысының тұрғыны, 1980 жылы туған азамат бөтен біреулердің ақшасын интернет-банкинг арқылы ұрлаумен айналысқан, сондай-ақ, өзгелердің атына онлайн-несие ресімдеген.
Аталған азаматтың қылмыстық әрекеттері сериялық сипатқа ие. Қазірдің өзінде оның төрт эпизодқа қатыстылығы дәлелденді. Мысалы, қаскөйдің заңсыз әрекеттерінің салдарынан жас әйел зардап шеккен. Қаскүнем интернет-банкингті қолданып, әйелдің карточкалық шотынан шамамен төрт миллион теңге шешіп алған. Сонымен қатар, ол Интернеттен жеке деректері мен суреттері бар адамдарды тауып, олардың суреттерін пайдаланып, электронды қосымшаларды қолдана отырып, солардың атынан онлайн-несиелер ресімдеген. Тек Бостандық ауданында ғана осыған ұқсас үш бірдей оқиға тіркелді, – дейді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.
Естеріңізге сала кетейік, қалада интернет-технологияларды қолдану арқылы жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашуға және тергеуге бағытталған “Anti-Fraud” республикалық жедел-алдын-алу шарасы өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан халқының саны 19 млн-ға таяды
Келесі жаңалық
Астанада қар тазалауға 900-ден астам техника шықты
Өзгелердің жаңалығы