10 Қыркүйек 2026, 22:52 Фото: Скриншот

Алматыда өздігінен қозғалып кеткен жүк көлігі оқыс жағдайға себеп болды

Қазіргі уақытта полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Алматыда өздігінен қозғалып кеткен көп тонналы МАЗ жүк көлігін тоқтатпақ болған жүргізуші жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Оқиға кеше таңертең Медеу ауданында, Сағадат Нұрмағамбетов көшесі мен Шығыс айналма автомобиль жолының қиылысында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, 41 жастағы жүргізуші жүк көлігін тиісті деңгейде бекітпей қалдырған. Салдарынан МАЗ өздігінен қозғалып, алдымен бетон блоктарға соғылған, кейін арыққа түсіп кеткен.

Жүргізуші қозғалып кеткен көлікті тоқтатуға әрекет жасаған кезде жарақат алған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылып, зардап шеккен азамат облыстық ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.