17 Тамыз 2026, 23:25
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов
Алматыда ойыншық тапаншамен видео түсірген ер адам ұсталды
Азаматқа ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды.
Алматыда әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында сыртқы көрінісі атыс қаруына ұқсас зат көрсетілген бейнежазба анықталды.
Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері видео авторын анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді. Тексеру нәтижесінде бейнежазбадағы заттың ойыншық тапанша екені анықталды.
Азаматқа ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды. Сонымен қатар жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін де әкімшілік хаттама толтырылды.
Полиция қоғамдық орындарда, тіпті ойыншық болса да, қаруға ұқсас заттарды көрсетуге болмайтынын ескертті. Мұндай әрекеттер тұрғындар арасында дүрбелең туғызып, полицияның жедел әрекет етуіне себеп болуы мүмкін.