2 Қаңтар 2025 2025, 19:17
Фото: Видеодан кадр
Алматыда ойын-сауық орталығынан өрт шықты
Алматыдағы «Moskva» сауда ойын-сауық орталығында өрт шықты
Алматыдағы «Moskva» сауда ойын-сауық орталығында өрт шықты.
М.Әуезов ауданында орналасқан «Moskva» сауда-ойын сауық орталығының шатырындағы ауа тартқыш құбырда май қалдықтары жанып, кейіннен от шатырдың қаптамасына тараған.
10 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сөндірілді. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр. Оны сөндіруге жеке құрамнан 65 адам және 20 арнайы техника жұмылдырылды, - делінген ТЖМ хабарламасында.