Алматыда өткен жылдан бері 43 заңсыз нысан бұзылған

Бұл туралы Әуезов және Наурызбай аудандары бойынша қала құрылысын бақылау бөлімінің бас маманы Сымбат Ибрайсадықов BAQ.KZ тілшісінің жіберген сұрауында айтты.

 Бақылау функциялары шеңберінде 2025 жылы басқармамен 77 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, соның ішінде 42 бұзушылық анықталды. Сонымен қатар, 2024 жылы жоспардан тыс 1410 тексеру жүргізіліп, соның ішінде 818 бұзушылық анықталды. Жоспардан тыс тексерулер тек ғимараттар құрылыс нысандарында ғана емес, сонымен қатар инженерлік желілерде, сондай-ақ басқа да күрделі құрылыс нысандарында жүргізілетінін ескеру қажет. Бұл ретте, жоспардан тыс тексерулер жүргізілуіне қарай Басқарма инспекторлары анықталған бұзушылықтарды жоюға нұсқама береді, оларды жою арқылы тексеру субъектісі нысанды құрылыс нормаларына сәйкес келтіреді. Сондай-ақ, 2024 жылдың басынан бастап бүгінгі күнге дейін 43 заңсыз нысан толығымен немесе ішінара бұзылған,- деді Сымбат Ибрайсадықов.

Бас маман қалада қанша ғимараттардың бұзуға жіберілгенін атап өтті.

2025 жылы соттарға заң талаптары мен құрылыс нормаларын бұзғаны үшін 13 талап арыз берілді, оның ішінде 5-і бұзу туралы. 2024 жылы 20 нысан бойынша бұзуға сот шешім шықты, 26-сы бойынша сот талқылаулары жалғасып жатыр, - деді ол.

Айта кетейік, сапасыз немесе заңсыз тұрғын үй кешендерін сатып аларда мынан қағидаларды ескеру қажет.

Жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын, құрылыс салушыдан рұқсат құжаттарының толық пакетін талап ету керек. Егер сіз заңсыз мүлікті сатып алған болсаңыз, құқық қорғау органдары мен экономикалық тергеу департаментіне жүгінуіңіз қажет. Басқарма белгілі бір нысанға рұқсат беру құжаттарының толық пакетінің болуы туралы сенімді ақпарат алу үшін WhatsApp анықтамалық арнасы арқылы білуге болады +7 705 89 66 000. Құрылыс салушы тарапынан шарттық міндеттемелерді орындамауға қатысты азаматтық тәртіпте сотқа жүгіну қажет,- деді Әуезов және Наурызбай аудандары бойынша қала құрылысын бақылау бөлімінің бас маманы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы