Алматыда өткен тәулікте 15 мыңнан аса адам вакцина алды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде 15 257 адам вакцина алды. Ал, 1 ақпаннан бері вакцинаның 1-компоненттін 615 661 адам салдырған. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Вакцина алғандар ішінде 60 жастан асқан кісілер саны 91 263. Бүгінгі таңда Алматыда медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 212 вакцинация пункті жұмыс істейді. 308 вакцинация бригадасында 1 260 медицина қызметкерлері жұмылдырылған.
Сондай-ақ қалада коронавирустың таралуы әлі де ұшығып тұр. 13 шілде күні жағдай бойынша коронавирустық инфекцияның 640 жаңа жағдайы тіркелген.
Инфекциялық стационарларда 1 947 адам ем алуда, оның 168-і бала. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 133 науқас бар. БМСК мен Телемедицина орталығының мобильді топтарымен бірге үй жағдайында 3 527 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 3194, симптомсыз 333 науқас бар,-делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы