Алматыда өткен халықаралық дөңгелек үстелде Конституциялық реформа талқыланды
Алматыда Философия, саясаттану және дінтану институтында «Конституциялық реформа Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін нығайту факторы ретінде» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Белгілі қазақстандық ғалымдар мен сарапшылар, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ РХДУ (Ресей халықтар достығы университеті) Стратегиялық зерттеулер және болжамдар институтының өкілдері қатысты.
Халықаралық дөңгелек үстелге қатысушыларды қарсы алған IFPR бас директоры Сұлтан Сейдуманов Қазақстанда болып жатқан реформаларға ғылыми тұрғыдан бағалау үшін беделді сарапшылық қоғамдастықтың отандық заңнаманың жүргізіліп жатқан реформаларына кәсіби талдауын қажет ететінін атап өтті. Қазіргі тұрақсыз халықаралық жағдайда саясаттанушылар үшін үнемі «сағаттарды салыстыру» және әріптес елдердің ғалымдарымен кәсіби диалог жүргізу өте маңызды.
Отырыста еуропалық құқық пен адам құқығы сараптамалық институтының басшысы Марат Башимов сөз сөйледі. Ол елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық реформалардың кейбір ерекшеліктері мен тиімділігін атап өтті.
Өткен президенттік сайлауда халықтың еркін білдіру үшін барлық жағдай жасалды. Түрлі қоғамдық бірлестіктер мен халықаралық ұйымдардан келген байқаушылардың жұмысы қамтамасыз етілді. Тіпті елордада азаматтар тіркелмей-ақ дауыс бере алатын сайлау учаскелері жұмыс істеді. Алдағы парламент сайлауының заң үстемдігін қамтамасыз етудің негізін қалағанымыз өте маңызды, - деді Марат Башимов.
Оның айтуынша, бұл Әділетті Қазақстанды құру үдерістерінің одан әрі құқықтық және саяси негіздерін құрайтын іргелі қағидаттардың сенімді белгілері. Одан кейін РХДУ университетінің Стратегиялық зерттеулер және болжамдар институтының директоры Дмитрий Егорченков ТМД елдерінде жүргізіліп жатқан конституциялық реформалардың динамикасы мен мазмұны туралы сараптамалық бағалары мен пікірін бөлісті.
Халықаралық дөңгелек үстелге қатысушылар өзара ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру жайына тілектерін білдірді және Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін нығайтудың және шет мемлекеттермен тату көршілік қарым-қатынастардың мызғымастығының басты факторы саналатын ауқымды конституциялық реформаларды жүзеге асыруға сараптамалық қолдау көрсетті.