Алматыда отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы акция өтіп жатыр
Алматы, BAQ.KZ. Алматы полициясы отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар аясында орын алатын түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында республикалық «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ» атты кең көлемді іс-шара өткізіп жатыр.
Аталған іс-шара отбасында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтардың алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеу, отбасы құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған.
Алматы қаласының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері күйзеліс орталықтарының өкілдерімен бірге сенім телефондары арқылы зорлық-зомбылық құрбандарына құқықтық кеңес береді.
Акция барысында азаматтарға Қазақстан Республикасының “Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы” туралы Заңының талаптарын кеңінен түсіндіру жұмыстары да жүргізіледі.
Алматы қаласының полициясы тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша төменде көрсетілген телефон нөмірлері бойынша хабарласуды сұрайды:
Алматы қаласының Полиция департаменті 254-45-99
Алмалы ауданының Полиция басқармасы 254-46-24
Алатау ауданының Полиция басқармасы 227-55-54
Әуезов ауданының Полиция басқармасы 298-53-33
Бостандық ауданының Полиция басқармасы 254-47-53
Жетісу ауданының Полиция басқармасы 254-49-43
Медеу ауданының Полиция басқармасы 254-48-66
Түркісіб ауданының Полиция басқармасы 298-54-25
Наурызбай ауданының Полиция басқармасы 254-49-48.
Отбасылық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арналған Дағдарыс орталығына “150” немесе 87772255326 нөмірлері арқылы тәулік бойы әрі құпия түрде хабарласуға болады.