Алматыда Отбасы күніне орай тегін тестілеу өтеді
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының әкімдігі "Зор Рух" қайырымдылық қорымен бірлесіп, Халықаралық отбасы күнін мерекелеу аясында қазақстандықтар үшін онлайн режимде бірқатар іс-шараларды іске қосты. Соның аясында құндылықтарды нығайту үшін тегін семинар-тренингтер мен тестілеу өтеді.
Аталған іс-шараның мақсаты – отбасылық құндылықтарды нығайту, сондай-ақ тұлғалық рухани жағынан дамуға көмек көрсету."Рухани жаңғыру" бағдарламасында қоғамдық сананы жаңғыртуға, мәдени кодты нығайтуға және рухани дамуға ерекше көңіл бөлінетінін атап өткен жөн.
Отбасылық өмірге дайындық деңгейін анықтау үшін онлайн-тестілеу өтеді, ол жастардың некеге деген көзқарасын бағалауда жәрдем беріп, саналы көзқараспен отбасын құруға мүмкіндік береді. Тестілеу қорытындысы бойынша балл түріндегі нәтижелер, сондай-ақ тұлғалық дамуы үшін пайдалы әдебиетке қол жеткізу, отбасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту қолжетімді болады,-делінген хабарламада.Сонымен қатар, осы жылдың 15 мамырында сағат 15.00-де жастарға, отбасылық жұптарға өз-өздерін түсінуге және бір-бірін жақсы түсінуге көмектесетін отбасылық қарым-қатынас тақырыбына тегін онлайн семинар-тренинг өткізіледі. ҚР Кәсіби психологиялық лигасы мен Ұлттық тренерлер пулының мүшесі Даниил Файзуллаев өзінің Instagram парақшасында тікелей эфир өткізеді, сұрақ қою және жауап алу мүмкіндігі болады. Іс-шара жастардың неке-отбасы қатынастарын құру мәселелері бойынша хабардар болу деңгейін арттыруға бағытталған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алдағы демалыс күндері жаңбырлы болады
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы