Алматыда отандасын өлтірді деген күдікпен шетел азаматы ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының тәртіп сақшылары өз отандасын өлтірді деген күдікке ілінген 27 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматын ұстады.

Кісі өлімі Талғар ауданында 11 қаңтарда тіркелген. Құрылыс нысандарының бірінде түрлі дене жарақаты бар 43 жастағы ер адамның денесі табылған. Алдын ала тергеу барысында қайтыс болған азамат 2019 жылы  Өзбекстанның Андижан облысынан келгендігі және Қайнар ауылында жеке тұрғын үй құрылысын салумен айналысқаны белгілі болды.

Аудандық полиция қызметкерлері кісі өліміне қатысы бар деген күдікпен жәбірленушінің 27 жастағы отандасын ұстады. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, қылмысқа қатысты барлық мән-жайлар анықталатын болады. Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды,- деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Полицияның таратқа ақпаратқа сәйкес, дерек бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнынан ас үй пышағы табылып, тергеу материалдарына айғақзат ретінде тіркелді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы