Алматыда "Отан тарихындағы тұлғаның рөлі" атты конференция өтіп жатыр
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Аталған шараны "Н. Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласын жүзеге асыру аясынада Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты өткізіп жатыр.
Ұйымдастырушылар Нұрсұлтан Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласын негізге ала отырып тарихта өз таңбасын қалдырған тұлғалармызыдың құрметіне осы шараны өткізіп жатқандарын айтты.Халық бірлігінің біртұтастығын нығайту, мемлекеттік мәдениет, өнер, ұлттың бүкіл мәдени, тарихи кодын қалыптастыру көптеген жағдайда озық көшбасшылардың қызметінің арқасында жүргізіледі. Алдымызда «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашу жөнінде мәселе көтеріліп отыр. Бүгінгі конференцияда осы жобаны өзектендіру, ғылыми негізделген өлшемдерін әзірлеу және ақпараттық сүйемелдеу бойынша сараптамалық зерттеулер жасалады, - дейді Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми жұмыстар бойынша орынбасар міндетін атқарушы Болат Құдайбергенұлы.
Сонымен қатар, ол "Ұлы даланың ұлы есімдері" жобасын жүзеге асыру барысында ҚР білім және ғылым министрлігімен ақылдаса отырып 100-ге жуық тарихшы мамандар тартылғанын және Нұр-Сұлтан қаласында саябақты ашу орны белгіленгенін жеткізді.
Тұлғалар есіміне ежелгі дәуір кезеңінен бастап, орта Түркі дәуірі, Қазақ хандығы, Ресей отаршылдығы, Кеңес кезеңі және бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан тұсындағы ел үшін қызмет еткен тұлғалар кіреді. Өскелең ұрпақ тарихтағы тұлғаларды білуі керек. Тұлғалар арқылы тарих танылады, - дейді ол.Сөз арасында ол "Ұлы даланың ұлы есімдері" жобасы аясында веб-портал ашылатынын да айтып өтті.
Онда тарихи тұлғалар жөнінде 3 тілде ақпарат беріледі. Яғни оқырмандар өзі іздеген тұлғалар бойынша толық мәлімет алатын болады. Ол кісінің еңбегі, тарихта қалу себебі, өмірбаяны, немесе сол кісінің атын қандайда бір елдімекенге беруі мүмкін, міне осындай ақпараттар болады, - дейді Б. Құдайбергенұлы.Конференцияның жұмысына шетелдік және еліміздің тарихшылары қатысып отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Өзгелердің жаңалығы