Алматыда осы көктемде 10 мыңнан астам ағаш отырғызылады

Алматыда жапырақты және қылқан жапырақты ағаштарды отырғызу маусымы басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы көктемде 10 мыңнан астам, оның ішінде «Жасыл аула» науқаны аясында тұрғындармен бірлесе отырып, көшет егу жоспарланған. Алматылықтар ауласын көгалдандыруды жақсы көреді және көшеттерді үш жыл бойы күтіп-баптауға міндеттелген.

Сәуірдің бірінші онкүндігінде (1, 2 және 8, 9) қала тұрғындарына 2638 шегіршін, сәнағаш, шаған мен қайыңның беріледі. Егу науқаны мамыр айының соңына дейін жалғасады. Ағаштардың дені Алатау және Наурызбай аудандарында отырғызылады, онда әлі де жасыл желектер аз.

Негізгі ағаш отырғызу науқаны күзде қолға алынады. Қала билігі биыл күзде 300 мыңнан астам тал егуді жоспарға енгізген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Алматы әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы