Алматыда өрт сөндірушілер өрттен 3 адамды құтқарды

Алматы қаласы Алмалы ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде 1-қабаттағы пәтерде өрт орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖД қызметкерлері баспалдақ маршымен 5 адамды эвакуациялап, 1 кейуана мен 2 баланы құтқару қалпақтары арқылы құтқарған.

Тәжірибелі өрт сөндірушілер өрттің таралуына жол бермей, оны 8 шаршы метр алаңда жедел сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы