Алматыда өрт сөндіруге барған мамандардың техникасы істемей қалған

Алматыда әл-Фараби даңғылы мен Назарбаев даңғылының қиылысында көлік өртенді. Оқиға туралы хабар 9 шілде сағат 15:39-да түскен, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Оқиға орнына барған өрт сөндірушілердің техникасында кідіріс болған, яғни өрт сөндіретін сұйықтық болмай шыққан.

Қаланың төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, сағат 15:41-де “112” жүйесінің бейнебақылау камералары көліктің толықтай өртке оранғанын тіркеді.

Бұл хабарламаның кеш түскенін және жүргізушінің өздігінен өртті сөндіруге тырысқан болуы мүмкін екенін көрсетеді. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде “Газель” маркалы көліктің 7 шаршы метр аумақта өртеніп жатқанын байқады. Өрт оқиға орнына келген соң 6 минуттан кейін сөндірілді, – делінген хабарламада.

Өрт сөндіру барысында техникалық кідіріс болған. Департаменттің хабарлауынша, бұл өрт сөндіруге әсер етпеген, себебі көлік оған дейін толықтай отқа оранған.

Жарақат алғандар жоқ, басқа көліктерге зақым келмеген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы